Трамп: АҚШ пен Иран көп ұзамай келісімге келеді

Вашингтон Тегеранмен арадағы текетіресті келесі аптада тоқтауы ықтимал.

Президент Дональд Трамп бейбіт келісімнің ауылы алыс емес деп мәлімдеді. Мұны Ақ үй басшысы Эй-Би-Си Ньюс ((ABC News)) телеарнасына берген сұхбатында айтты. Осыған дейін Тасним агенттігі АҚШ-Иран келіссөзі тоқтағанын хабарлаған еді. Тегеран билігі Израильдің Ливандағы Хезболла нысандарына соққы жасауын доғармаса, ешқандай келіссөз болмайтынын ескерткен. Алайда Президент Трамп "екі жақ диалогты жалғастырып жатыр" дейді. Ол тарихи құжаттың ұсақ-түйек жұмыстары ғана қалды деп отыр.