АҚШ Еуропадағы ядролық арсеналды кеңейтеді

АҚШ Еуропадағы ядролық арсеналды кеңейтуді қарастырып жатыр.

Файненшл Таймс ((Financial Times)) басылымы осылай деп мәлімдеді. Ядролық қару NАТО-ның шығыс қапталындағы мемлекеттерде, соның ішінде Польша мен Балтық жағалауы елдерінің аумағында орналастырылуы мүмкін. Қару деп отырғанымыз әдеткі әскери тапсырмалар, сонымен қатар ядролық соққылар жасауға машықтанған америкалық ұшақтар. Бүгінде Құрама Штаттар мұндай ұшақтарды Бельгия, Германия, Нидерланд, Түркия және Ұлыбританияда орналастырған.