АҚШ Иранның уәдесін құжатпен бекіткісі келеді
АҚШ Ираннан ядролық бағдарламаға қатысты уәдесін құжатпен бекітуды талап етіп отыр. Мұны америкалық ABC News телеарнасы хабарлады.
Осыған дейін Тегеран билігі уран қорына қатысты кей талаптарды орындауға ауызша келіскен. Алайда Ақ үй әкімшілігі бұл жеткіліксіз деп санайды. Кеше Мемлекеттік хатшы Марко Рубио Иран атомдық бағадарламасын талқылауға дайын екенін жеткізді. Бірақ Құрама Штаттар өз мақсатына сай келетін келісімге әзірге келгеніміз жоқ, - деп мәлімдеді.