Тайваньда Computex-2026 халықаралық технология көрмесі басталды
Көрмеден жасанды интеллектке арналған озық микрочиптер, серверлер және деректерді өңдеу орталықтарының жаңа шешімдерін көруге болады.
Олардың қатарында Foxconn, Nvidia және Delta Electronics компанияларының әзірлемелері бар. Бүгінде бұл технология қарттарға күтім жасау, «ақылды» үйлерді басқару және денсаулық сақтау саласында кеңінен қолданыла бастады. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, биылғы Computex көрмесіне 6 мыңнан астам қатысушы жиналған.