Иран Израильге ескерту жасады
Израиль Ливанға шабуылын доғармаса, Иран соғысты қайта бастайды.
Мұны әлеуметтік желіде Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі жазды. Аббас Аракчи Тегеран Тель-Авивке соққы беруге әзір екенін жеткізді. Оның айтуына қарағанда, екі жақты келіссөздер үзілген жоқ, жалғасып жатыр. Алайда әзірге нақты нәтиже көрінбейді деп мәлімдеді. Дипломат келісімге келу үшін алдымен Иран халқының құқығы сақталуға тиіс. «Сондай-ақ Ливанға қарсы шабуыл тоқтау керек», - дейді.