Футболдан әлем кубогі таныстырылды
Нью-Йоркте футболдан әлем кубогі таныстырылды.
Оны көру үшін жүздеген жанкүйер жиналған. Салтанатты рәсімге 2014 жылдың әлем чемпионы Бастиан Швайнштайгер де қатысты. Айта кетейік, Нью-Йорк пен Нью-Джерсиде футболдан әлемдік жарыстың 8 ойыны өтеді. Оның ішінде ақтық сайыс та бар.