Жапонияда дауылдан 60 мың үй жарықсыз қалды

Жапонияның шығыс өңірлерінде соққан «Джангми» дауылы салдарынан 60 мыңға жуық үй жарықсыз қалды.

Желдің жылдамдығы сағатына 160 шақырымға дейін жеткен. Дауылмен бірге келген жауыннан бірқатар аумақты су басып, кей өңірде эвакуация туралы ескерту жарияланды. Табиғи апат салдарынан 15 адам жарақат алды. Күн райының нашарлауы себепті 900-ге жуық ішкі және халықаралық әуе рейсі тоқтады.