Ливан мен Израиль оқ атпауға келісті
Ливан мен Израиль оқ атпау режимін сақтауға келісті. Мұны АҚШ Мемлекеттік департаменттің аппарат басшысы Дэниел Холлер мәлімдеді.
Құрама Штаттар келіссөз өткізуге өз алаңын ұсынды.
Алайда Тель-Авивтің Бейрут билігіне қояр талабы бар. «Хезболла» Израильге шабуылды толық тоқтатуға тиіс. Сондай-ақ қозғалыс өкілдері Литани өзенінің оңтүстігінен шығарылуы керек. Бұдан бөлек, екі жақ арнайы аймақ құруға уағдаласты. Тараптар бір-бірімен соғысуға бейіл емес екендерін мәлімдеді. Келесі келіссөз маусымның 22-не белгіленіп отыр.
Йехиэль Лейтер, Израильдің АҚШ-тағы елшісі:
- Қазір Израиль мен Ливан арасында АҚШ қолдау көрсеткен келісім бар. Соның аясында қауіпсіздік аймағы құрылады. Келісімнің жүзеге асуын АҚШ қадағалайды. Ливан армиясы мен арнайы бөлімшелер елдің оңтүстігіндегі аумақты бақылауға алады. Мақсат – бұрынғы жағдайдың қайталануына жол бермеу. Яғни Израиль әскерін шығарып, артынша «Хезболла» қайта оралып, бәрі қайтадан қақтығысқа ұласатын сценарийді тоқтатқымыз келеді. Бұл жолы нәтиже болады деген үмітіміз бар.