Кувейт: Иран 17 дрон мен 13 зымыран атты

Кувейттің Азаматтық авиация басқармасы халықаралық әуежайға құлаған дронның бейнежазбасын жариялады. 

Сондай-ақ ұшқышсыз аппарат Иранға тиесілі екенін мәлімдеді. Осыған дейін Ислам революциясы сақшылар корпусы: «бұл шабуылға қатысымыз жоқ. Терминалға қағып түсіруші зымыранның сынығы құлаған»,-  деп АҚШ-ты кінәлаған еді. Соққыдан әуежайдың 1 терминалы қирады. Бір адамның өмірі қиылып, 63-і жараланды. Қазір әуежай жабық. Кувейт билігінің дерегі бойынша, кеше Ислам революциясы сақшылар корпусы 17 дрон мен 13 зымыран атқан. Еуропалық Одақ Тегеранды қатаң айыптады. «Бұл халықаралық құқықты өрескел бұзу және аймақтағы тұрақтылыққа қауіп төндіреді», - деп мәлімдеді олар.