ДДСҰ: індетпен күресуге Конгоға 115 млн доллар керек

Эбола індетімен күресуге Конго Демократиялық Республикасына қосымша қаржы керек. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, алдағы 3 айға 115 млн доллар керек. Қазір қажет қаржының тек 35 пайызы ғана бар. Мұның салдарынан науқастармен байланыста болған адамдарды анықтау және жедел көмек көрсету жағы қиын болып тұр. Кейінгі дерекке қарағанда, Конгода қатерлі дертті жұқтырғандар саны 344-ке жетті. Соның ішінде 60 науқас көз жұмған.