ДДСҰ эболамен күреске $518 млн бөлді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Эбола індетімен күреске 518 миллион доллар бөлді. Бағдарлама 6 айға есептелген.
Барлық іс-шаралар Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталығымен бірлесіп іске асырылады. Жаңа жоспар бұрынғы індеттер және денсаулық саласындағы кейінгі төтенше жағдайлардың себеп-салдарын ескере отырып түзілген. Осылайша, мамандар тез таралып жатқан эболаны тоқтатуға болады деп сендіреді. Ахуал күннен-күнге ушығып барады. Бүгінге дейін Конго Демократиялық республикасы мен Угандада 77 адам көз жұмып, 360-тан астамы індет жұқтырған.