Иранда 2 мың адамға рақымшылық жасалды
Иранда сотталған 2 мың адамға рақымшылық жасалды. Оларды түрмеден босату туралы жарлыққа жоғары көшбасшы Моджатаба Хаменеи қол қойған.
Рухани көсемнің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шешім шиіттердің Ид әл-Гадир діни мерекесінің құрметіне орай қабылданды. Бірақ тыңшылық жасағандар мен ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірген қылмыскерлер рақымшылыққа ілінбейді. Өйткені Иран заңы бойынша, оларға ешқашан кешірім жасалмайды.