АҚШ Иран құрамасының кей өкіліне виза бермеді

Футболдан әлем чемпионаты қарсаңында АҚШ Иран ұлттық құрамасының кейбір мүшесіне виза беруден бас тартты.

Елге кіруге рұқсат ала алмағандардың қатарында футбол федерациясының басшылары, техника мамандары және бапкерлер бар. Ал виза алған өкілдерге қатаң талап қойылған. Иран тарапының мәліметінше, олар АҚШ аумағына матч өтетін күні ғана кіріп, ойын аяқталған соң елден шығуы тиіс. Осыған байланысты Иран футбол федерациясы наразылық білдіріп, мәселені FIFA-ға жолдады. Ұйым аталған қадамды спорт қағидаттарына қайшы әрекет деп бағалады. Футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.