Конгода Эбола безгегі жұққан адамдар көбейіп барады

Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырғандар саны 470-тен асты.

Індет салдарынан 82 адам көз жұмған. Мамандардың айтуынша, кеселдің өршуіне аймақта Бундибугио штамының жылдам таралуы себеп. Өкінішке орай, бұл қауіпті індетке қарсы әзірге тиімді вакцина мен арнайы емдеу тәсілі жоқ. Қазір 258 науқас оқшауланып, стационарлық ем қабылдап жатыр. Сонымен қатар сегіз адамның дерттен айыққаны белгілі болды.