Конгода он мың адам Эбола жұқтырған
Конго Демократиялық Республикасында Эбола безгегін жұқтырғандар саны 10 мың 60 адамға жетті. Оның 5 мыңнан астамы қауіпті дерттен көз жұмған. Елде ауру мамыр айында анықталды. Індет көршілес Кения, Нигерия және Угандада да тіркелді, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір Конго Демократиялық Республикасының шығысында жағдай қиын. Бұл аймақта қарулы қақтығыстар жалғасып, қоныс аударғандар саны көбейді. Жергілікті халықтың басым бөлігі медицинаға емес, емшілерге жүгініп жатыр. «Бұл Эбола індетінің таралуын тоқтатуға кедергі», – дейді мамандар.