Кубаға гуманитарлық көмек жеткізілді

Онда 1700-ден астам тонна азық-түлік, дәрі-дәрмек пен басқа да қажетті заттар бар.

Жүкті Мексика мен Белиз бірігіп кеме арқылы жөнелтті. Бұл Мехико кейінгі айларда жеткізіп жатқан гуманитарлық көмек топтамаларының бір бөлігі. Биылғы ақпан айынан бері Гаванаға бірнеше партия жәрдем жеткізілді. Өйткені Куба АҚШ енгізген экономикалық эмбаргодан қатты зардап шегіп отыр. Елде жанармай мен электр қуаты жетіспей, жаппай қымбатшылық жайлады.