Йеменде 281 мың адам босқынға айналды
Йеменде қарулы қақтығыстан тамыз айынан бері 281 мың адам босқынға айналды. Көрсеткіш екі апта сайын 20 мың адамға көбейіп отыр. Ал кейінгі 3 аптада гуманитарлық көмек едәуір қысқарған.
Оған әскери қимылдардан Таиз қаласын оңтүстік өңірлермен байланыстыратын негізгі жолдардың жабылуы себеп болып отыр. БҰҰ дерегіне сүйенсек, қазір 230 мыңдай адам шұғыл медициналық көмекке мұқтаж. 35 мың отбасы далада түнесе, уақытша лагерлердің өзінде жағдай тіптен күрделі. Адам ұрлығы мен ерте некеге итермелеу сынды заңсыз әрекеттер көбейген.