Әлемдік қор нарығы құлдырады

Әлемдік қор нарықтарында құлдырау байқалды. Уолл-стриттегі сатылымнан кейін Азияның жетекші биржалары төмендеді. 

Ең үлкен шығын Оңтүстік Кореяда тіркеліп, KOSPI индексі бір мезетте 9%-ға дейін төмендеді. Күншығыс елі мен Тайвань нарықтары да 4%-ға жуық арзандады. Сарапшылар бұған әсер еткен себептің бірі – технологиялық компаниялар акцияларының құнсыздануы дейді. Құлдырау Еуропа биржаларын да тіркелді. STOXX 600 индексі кейінгі екі аптадағы ең төменгі деңгейге жетті. Нарыққа технологиялық сектордағы сатылымдар мен Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленіс ықпал еткен. Израиль мен Иран арасындағы қақтығыстан кейін мұнай бағасы төрт пайызға көтерілді.