ЕО Иранға қарсы жаңа санкция енгізді
Еуроодақ ирандық жеке және заңды тұлғаларға қарсы санкция енгізді. Басты айып Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына кедергі жасауы.
Бұл туралы Еурокомиссия төрағасының орынбасары Кая Каллас мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл Еуроодақ тарихында теңіздегі еркін навигацияны қорғауға арналған алғашқы санкциялық тетік. Брюссель қажет болса мұндай шектеулерді алдағы уақытта да қолдануға дайын екенін ескертті. Қазір Еуроодақтың Иранға қарсы кең ауқымды санкциялары онсызда күшінде. Атап айтқанда, бұл елге дрон, баллистикалық зымырандар жасауға пайдаланылуы мүмкін өнімдерді экспорттауға тыйым салынған. Сондай-ақ бірқатар тұлғалардың активтері бұғатталып, визалық шектеулер енгізілген.