Мальта жағасында 10 мигрант ажал құшты

Мальта жағалауында қайық аударылып, 10 мигрант жан тапсырды. Тағы 2 адам із-түссіз жоғалып кеткен. 48 жолаушы құтқарылды. Олар Ливияға бара жатқан екен.

Италия Теңіз әскерінің хабарлауынша, іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Солтүстік Африкадан Италия мен Мальта апаратын осы теңіз жолы ең қауіпті деп саналады. Халықаралық көші-қон ұйымының есебінше, былтыр мұнда 1300-ден астам адам опат болған. Олар көбіне жеңіл қайыққа мініп, Еуропаға жетпек болады.