Хуситтер Израильге қарсы соғысқа араласты

Йемендегі хуситтер Тель-Авивке қарсы соғысқа араласты. Иранның одақтасы Қызыл теңізден Израиль кемелерін өткізбейтінін, қажет жағдайда атқылайтынын ескертті.

Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Хуситтер бақылауда ұстап тұрған Қызыл теңіздегі Баб-әл-Мандеб бұғазы арқылы әлемдік теңіз саудасының 12 пайызы, яғни жылына 1 триллион доллар тауар өтеді. Бұғаз өте тар, ені 26 шақырым ғана. Ол Қызыл теңізді Аден шығанағымен және әрі қарай Үнді мұхитымен байланыстырады. 

Яхья Сариа, хуситтердің әскери өкілі:

- Біз қазірдің өзінде Яффа аймағындағы жауымыз Израильдің аса маңызды нысандарын зымыранмен атқылап, шабуылды сәтті жүзеге асырдық. Қызыл теңізде жауымыз Израильдің кеме қатынасына толық тыйым саламыз және олардың барлық қозғалысын жіті бақылап отырамыз. Біз соғысқа соғыспен жауап береміз. Джихадты күшейтеміз.