Йемендегі хуситтерге шабуыл жасалды
Сауд Арабиясы хуситтерге шабуыл жасады.
Йемен астанасының іргесіндегі ауылдардың біріне жасалған әуе соққыларынан 34 адам қаза тауып, тағы 49 адам жараланды. Оның ішінде жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс қызметкерлері бар. Бұған жауап ретінде хуситтер Сауд Арабиясының стратегиялық нысандарына соққы бергенін мәлімдеді. Саудия билігі әзірге түсініктеме берген жоқ.