Германияда 40 мың адам жарықсыз қалды
Германияның оңтүстік-батысындағы Ройтлинген қаласында электрлік қосалқы станциядан шыққан өрттен 40 мыңға жуық адам жарықсыз қалды.
Салдарынан тұрғын үйлер, кәсіпорындар мен қалалық аурухана зардап шеккен. Жергілікті билік оқиға бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Өрт қасақана жасалған болуы мүмкін деген күдік бар. Осыған байланысты қаладағы көпшілік орындарда бақылау күшейтілді. Электр жүйелері алдағы тәулікте кезең-кезеңімен қалпына келтірілмек.