АҚШ соты Трамптың виза алымын жойды
АҚШ федералды соты Дональд Трамп әкімшілігінің шетелдік мамандарға арналған жұмыс визасына 100 мың доллар алым енгізу туралы шешімін заңсыз деп тапты.
Сот қаулысында президенттің шетел азаматтарының елге кіруін шектеуге өкілеттігі болғанымен мұндай төлем енгізуге құқығы жоқ екені айтылған. Себебі салықтар мен алымдарды бекіту тек Конгрестің құзырындағы мәселе. Айта кетейік, бұл виза жергілікті компанияларға, әсіресе технология саласына өзге елден жоғары білікті маман тартуға мүмкіндік береді. Ал Трамп әкімшілігі мұндай жүйе ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіріп, американдықтардың мүмкіндігін шектейді деп есептейді. Ақ үй сот шешімімен келіспей, апелляцияға жүгінетінін мәлімдеді.