Қытай суасты деректер орталығын іске қосты
Қытай цифрлық инфрақұрылымын нығайтуға ниетті.
Шанхай жағалауында алғашқы суасты деректерді өңдеу орталығы іске қосылды. Жоспар бойынша алдағы бес жылда мұндай нысандар көптеп тұрғызылады. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 2 триллион юань бөлінбек. Бұл біздің ақшамен 143 триллион теңгедей болады. Ресми Бейжің дата-орталықтарды 80 пайызға дейін отандық өнімдер есебінен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Атап айтқанда, Хуавей ((Huawei)) компаниясының чиптеріне басымдық беріледі. Ал сарапшылар бұл үрдіс АҚШ-тың алпауыт Эн-Видиа ((NVIDIA)) және Эй-Эм-Ди ((AMD)) компаниялары үшін елеулі соққы болуы мүмкін деп болжап отыр.