АҚШ шекара бақылауын күшейтпек

АҚШ көші-қон саясатын қатаңдатпақ. Ел Конгрессінің Өкілдер палатасы шекара бақылауына алдағы үш жылға 70 миллиард долларға жуық қосымша қаржы бөлуді бекітті. 

Ақ үйдің мәліметінше, оның басым бөлігі иммиграциялық бақылау қызметіне бағытталмақ. Заң жобасы өз күшіне ену үшін енді оған президент Дональд Трамп қол қоюы тиіс. Сарапшылардың айтуынша, бөлінген қаржы әкімшілікке жылына бір миллионға жуық адамды елден шығаруға мүмкіндік береді. Республикашылар: «Мұны ұлттық қауіпсіздік үшін қажет қадам», - дейді. Ал демократтар жаппай депортация саясатын сынап отыр.