ICAN: АҚШ ядролық қарулануды 22% арттырды
Былтыр әлемнің 9 елі ядролық қару бағдарламасына 120 миллиард доллар жұмсады.
"Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық кампания" ұйымының мәліметі бойынша олардың арасында АҚШ көш бастап тұр. Құрама Штаттар аталған бағытқа қаржы көлемін 22 пайызға арттырған. Ақшаның көп бөлігі жаңа зымырандар жасау және жеткізу жүйелерін жаңартуға бағытталады. Негізі ядролық қарусыздану бойынша халықаралық міндеттеме бар. Бірақ көп мемлекет бұған қарар емес. Керісінше, ядролық қару қорын жаңартып әлек.