Израиль шабуылдарынан Ливанда 3660 адам қаза тапты
Израильдің Ливанға жасаған әуе соққылары салдарынан қаза тапқандар саны 3 мың 660 адамға жетті. Тағы 11 мыңнан аса тұрғын жарақат алған.
Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Наурыз айынан бері 17 ауруханаға шабуыл жасалған, 3 медициналық мекеме жұмысын толық тоқтатты. Израильдің әскери басшылығы «Хезболла» ұйымының инфрақұрылымын жоюға ниетті екенін мәлімдеді. Өз кезегінде топ та бұл елдің аумағын атқылауды жалғастырып жатыр.