Конгода Эбола безгегін жұқтырғандар саны артты
Конгода Эбола вирусын жұқтырғандар саны 676 адамға жетті.
Оның 136-сы көз жұмған. Ауру елдің тағы үш аймағына таралып, жағдай күрделене түсті. Солтүстік Киву мен Итури провинцияларында 40-тан астам жаңа жағдай тіркеліп, 9 адам көз жұмған. Мамандардың айтуынша, науқастар мен қайтыс болғандар саны ресми мәліметтен әлдеқайда көп болуы мүмкін. Өйткені елдің медицина қызметтері қауіпті инфекцияның жылдам таралуына дер кезінде тосқауыл қоя алмай жатыр.