Брюссель электр самокаттарынан бас тартады

Брюссельде келесі жылдан бастап электр самокаттарын жалға беру қызметіне тыйым салынады. 

Мұндай шешім кейінгі жылдары жол-көлік оқиғаларының көбеюіне байланысты қабылданған. Былтыр ғана электр самокаттарының қатысуымен болған апаттардан 600-ден астам адам зардап шеккен. Бұған қоса, көшеде ретсіз қалдырылған самокаттар тротуарларды жауып, жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызып отыр. Осы мәселелерді ескерген қала әкімдігі жалға беру қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған. Осылайша, Брюссель электр самокаттарына шектеу енгізген Еуропа астаналарының қатарына қосылды. Бұған дейін осындай шешім Париж, Мадрид және Прагада қабылданған