Еуропалық банк базалық мөлшерлемені көтерді
Еуропалық орталық банк кейінгі үш жылда алғаш рет негізгі пайыздық мөлшерлемені көтерді.
Депозиттер бойынша базалық мөлшерлеме 0,25 пайыздық тармаққа өсіп, 2,25%-ға жетті. Ормуз бұғазындағы жағдайға байланысты кәрі құрлықта инфляциялық қысым күшейіп, азық-түлік пен қызмет көрсету бағалары өсті. Енді қаржы институты қатаң ақша-несие саясатын жалғастыратынын мәлімдеді. Айта кетейік, Еуропа орталық банкі бұған дейін депозиттік мөлшерлемені 2023 жылы көтерген болатын.