Иран АҚШ-қа тағы шарт қойды
Ресми Тегеран Ормуз бұғазын ашады. Алайда оны бақылау құзыретін өзінде қалдырады.
Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи осы талап орындалса ғана АҚШ-пен мәмілеге келетінін хабарлады. Сонымен қатар Ливанда да атыс тоқтауы тиіс. «Тараптар бір-бірінің егемендігін құрметтеп, ішкі істеріне араласпауы қажет», - деді Аббас Аракчи. Осы шарт орындалған жағдайда, алдағы күндері Вашингтонмен келісімге электронды түрде қол қойылады. Ал құжаттағы талаптар сақталмаса, Тегеран келіссөздерден түпкілікті бас тартатынын мәлімдеді.