Израиль Ливанды бомбалады
Израиль Ливанның оңтүстігін тағы да бомбалады.
Тель-Авив одан бұрын 20-ға жуық елді мекеннің тұрғындарын қауіпсіз жаққа шұғыл кетуге шақырған. " Ассошиэйтед Пресс" агенттігінің хабарлауынша, бірден бірнеше ауыл атқыланды. Шабуыл салдарынан 3 адам қаза тапқан. Израиль әскері "біздің көздегенеміз 70 нысан болатын, "Хезболла" оларды соққылар жасау үшін қолданады" деп мәлімдеді. Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі Тель-Авивтің шабуылдарынан қаза тапқандар саны 3756 адамға жетті, ал жарақат алғандар қатары 11 мың 600-ден асады дем хабарлаған.