Швейцарияда халық санын шектеу туралы референдум өтті

Швейцарияда халық санын шектеу туралы референдум өтті. Оны оңшыл "Халық" партиясы ұсынған.

Олар халық санын 10 миллионнан асырмау керек деген бастама көтерген. "Оңшылдардың" ойынша, бұл тұрақты дамуға, жоғарылап кеткен үй жалдау ақысын арзандатуға және шамадан тыс көп құрылыс салу үрдісін тежеуге жол ашады. Бірақ референдумда азаматтардың 55 пайызы халық санын шектеуге қарсы шықты. Қазір бұл елде шамамен 9 миллион 100 мың адам тұрады. Олардың 21 пайызы – шетелдік. Шектеу туралы ұсынысқа депутаттардың басым бөлігі, ықпалды экономистер мен ірі бизнес өкілдері әуелден өре түрегелген. Олар халық санын тежеу шетелдік жұмыс күшін шектеп, бизнестің дамуы мен инвестициялардың өсуіне кедергі болуы мүмкін деп қауіптенеді.