Иран танкерлерді Ормуздан екі ай тегін өткізеді
Иран алдағы 2 айда танкерлерді Ормуз бұғазы арқылы тегін өткізеді.
Бірақ 60 күннен соң стратегиялық су жолы арқылы кеме қозғалысы ақылы болады. Fars агенттігінің мәліметінше, енді бұғаздағы кеме қатынасын Иран мен Оман бірлесіп реттейді. Жаңа шарттарды келісу үшін Маскат билігімен жеке келіссөз жүргізілген. АҚШ Иран порттарын қоршаудан босатуға келісті. Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф екі жақ қақтығысты дереу тоқтатуға уағдаласқанын мәлімдеді. Тараптар бейбіт келісімге 19 маусымда Швейцарияда қол қояды.