Б. Нетаньяху: Иранда ядролық қару болмайды

Иранда ядролық қару ешқашан болмайды. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху осылай деп мәлімдеді.

Нетаньяху сосын Ливанның оңтүстігіндегі буферлік аймақта әскер қалатынын атап өтті. Айта кетейік, АҚШ пен Иран арасында жасалған алдын ала бітім келісімінің нақты шарттары әлі жарияланған жоқ. Алайда бұған дейін Тегеран құжатқа Израильдің Ливанға шабуылдарын тоқтату туралы тармақты енгізуді талап еткен еді. Ал ЦАХАЛ соққыларынан қазірге дейін Ливанда 7 мың адам қаза тапқан.  

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер министрі:

- Мен жылдар бойы Иранның ядролық қаруға қол жеткізу әрекеттеріне қарсы күресіп келемін. Тіпті бұл менің өмірлік миссияма айналды десем болады. Тараптар келісімге түпкілікті қол жеткізсе де, келісімге келе алмаса да, Иранның ядролық қаруы болмайды. Мен Израильдің үкімет басшысы ретінде ешқашан бұған жол бермеймін.