Ливанда құрбандар саны 3700 адамнан асты

Израиль Ливанды атқылауын тоқтатар емес. Кейінгі 1 күн ішінде 15 бейбіт тұрғын көз жұмып, 82-сі жараланды. 

Осылайша, жалпы шабуылдардан қаза тапқандар саны 3700 адамнан асқан. Бұл туралы Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Десе де АҚШ пен Иранның өзара келісімге келуі Израильдің араб еліндегі соққы жасау қарқынын сәл бәсеңдеткен. Мыңдаған ливандық осы сәтті пайдаланып, елдің оңтүстік аймақтарына орала бастады.