Ұлыбритания жасөспірімдерге әлеуметтік желіні шектейді
Ұлыбритания үкіметі 16 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік желіні пайдалану құқығын шектеуді жоспарлап отыр.
Жаңа заң 2027 жылдың басынан бастап күшіне енгізілмек. Елдің премьер-министрі Кир Стармер бұл бастама жеткіншектердің ғаламтордағы қауіпсіздігін күшейтуге бағытталғанын мәлімдеді. Ал шектеулер TikTok, Instagram, Facebook, YouTube және басқа да әлеуметтік желілерге қатысты болады.