АҚШ пен Иран келісімінің екінші кезеңі басталды
АҚШ пен Иран арасында қақтығысты тоқтату жөніндегі келісімнің екінші кезеңі басталды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп "Үлкен жетілік" саммиті аясында мәлімдеді.
Енді тараптар Иранның ядролық бағдарламасы мен Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын толық қалпына келтіру мәселесін талқылайды. Сонымен қатар Трамп Вашингтонның Иранға қаржылай қолдау көрсетпейтінін айтты. Ал Тегеран Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы біртіндеп жандана бастағанын мәлімдеді. Ирандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өткел арқылы бірнеше мұнай танкері мен гуманитарлық жүк тиелген кемелер өткен.