Binance криптобиржасына шабуыл жасағандар анықталды

АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы Солтүстік Кореяның TraderTraitor хакерлік тобын Binance криптобиржасына шабуылдады деп ресми түрде айыптады, деп хабарлайды 24KZ.

ФБР АҚШ-тың Құпия қызметі және Ішкі кірістер қызметімен бірлесіп тергеу жүргізген. Хакерлер ұрланған активтердің шығу тегін жасыру үшін оларды Эфириум криптовалютасына айырбастайтыны анықталды. Ведомствоның мәліметінше, ұрланған қаражат алдағы уақытта да түрлі жолмен жылыстатылуы мүмкін. Осыған байланысты ФБР криптовалюта платформаларын күмәнді транзакцияларды бұғаттауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз: