Еуроодақ электромобильге көшіп жатыр

Кәрі құрлық электромобильге көшіп жатыр.

Сарапшылар мұны жанармай бағасының өсуі және электр көліктерінің қолжетімді болуымен байланыстырады. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Еуроодақта 750 мыңға жуық электромобиль сатылған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 5 пайызға жоғары. Дерекке қарағанда кәрі құрлықта кейінгі он жылда электромобильдердің нарықтағы үлесі он есе өскен. Осының арқасында аймақта мұнай тұтыну, сосын энергия импортына жұмсалатын шығын да азайып келеді.