Үндістанда Telegram уақытша бұғатталды
Үндістанда Telegram мессенджері уақытша бұғатталды.
Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады. Ресми мәліметке сәйкес, платформада медициналық жоғары оқу орындарына түсу емтиханының тапсырмалары тарап, жалған материалдар сатылған. Кейін ел үкіметі 2 миллион 300 мыңға жуық талапкердің нәтижесі жойылғанын мәлімдеді. Енді НИИТ ((NEET)) ұлттық емтиханы 21 маусымда қайта өтеді. Ал оған дейін Үндістан аумағында Telegram қолжетімсіз болады.