G7 елдері АҚШ пен Иран арасындағы келісімге қолдау білдірді

«Үлкен жетілікке» мүше мемлекеттер АҚШ пен Иран арасындағы келісімге қолдау білдірді.

Бұл туралы Францияда өтіп жатқан G7 саммитінде жарияланды. Вашингтон мен Тегеран арасындағы уағдаластық Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетіп, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты қауіпті азайтады, делінген бірлескен мәлімдемеде. Ұйымға мүше елдер келісім негізінде көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.