Еуроодақ АҚШ-пен сауда жөнінен келісімге келді
Еуропарламент АҚШ-пен жасалған сауда келісімін қолдады.
Құжат екі тарап арасындағы саудаға қойылған бірқатар шектеуді азайтуы тиіс. Соның арқасында америкалық тауарлардың Еуропа нарығына шығуы жеңілдей түседі. Ал Еуроодақ өз кезегінде Вашингтон еуропалық өнімдерге салынатын баж салығын төмендетеді деп үміттенеді. Келісім орындалмаған жағдайда Брюссель тиісті шара қабылдауға дайын екенін ескертті. Сарапшылар бұл қадам сауда қатынастарындағы шиеленістің алдын алады деп отыр.