Трамп Иранмен келісім шарттарын жариялады
Дональд Трамп АҚШ пен Иран арасындағы уақытша келісімнің негізгі шарттарын жариялады.
Оның сөзінше, құжат Иранның ядролық бағдарламасын бақылауды күшейтіп, Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын тұрақтандырады. Ақ үй басшысы сондай-ақ «Ливандағы жағдай бұл уағдаластықтың орындалуына кедергі болмайды», - дейді. Құжаттың толық нұсқасы жақын күндері жарияланбақ. Ал оған ресми түрде қол қою рәсімі осы жұмада Женевада өткізу жоспарланып отыр.