Корея шекарадағы шектеулерді жеңілдетеді

Оңтүстік Корея Солтүстік Кореямен шекаралас аудандардағы бірқатар шектеуді алып тастайды. 

Соның арқасында жергілікті тұрғындар бұрын пайдалануға рұқсат етілмеген аумақтарды игере алады. Билік шекара маңындағы бақылау аймағын қысқартуды жоспарлап отыр. Нәтижесінде шамамен 270 шаршы шақырым жер халықтың пайдалануына беріледі. Енді тұрғындар қажетті рұқсат алған жағдайда бұл аумақтарда құрылыс жүргізіп, жерді игере алады. Ресми Сеул бұл шешім тұрғындардың көпжылдық өтінішінен кейін қабылданғанын мәлімдеді.