Иран танкерлері АҚШ бұғауынан босатылды
Иранның мұнай танкерлері АҚШ-тың Парсы шығанағындағы екі айға созылған бұғауынан босап шықты.
Бұл туралы су көліктерінің қозғалысын бақылайтын TankerTrackers сараптамалық компаниясы хабарлады. Олардың мәліметі бойынша, 3 супертанкер парсы елінен шикі мұнай алып шықты. Жерсерігінен түсірілген бейнежазба арқылы оларда шамамен 5 миллион баррель «қара алтын» бары анықталған. Танкерлердің АҚШ-тың теңіздегі тосқауылынан босап шығуына Вашингтон мен Тегеранның арасында жақында жасалған атысты тоқтату туралы келісім себеп. Иран мұнайы әлемдік нарыққа шыққаннан кейін «қара алтын» бағасы түсе бастады.