БҰҰ тәліптерге үндеу жасады

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Ауғанстанға қатысты қарар қабылдады.

Ұйым тәліптерге үндеу жасап, әйелдер мен қыздарға қойылған шектеулерді алып тастауға және терроризмге қарсы күресті күшейтуге шақырды. Сонымен қатар Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының мандаты 2027 жылдың маусымына дейін ұзартылды. Айта кетейік, ауған әйелі ауыр жарақат алып, аяқ-қолы көгермейінше сотқа шағымдана алмайды. Ол дәлелденген күннің өзінде, ең жоғарғы жаза бар жоғы 15 күнге қамаумен шектеледі. Бұл - Талибан бекіткен ереже.