Газада қаза тапқандар саны мыңнан асты
Газа секторында атысты тоқтату туралы келісім жасалғаннан бері қаза тапқандар саны бір мың адамнан асты.
Бұл туралы Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Израиль әскері Газа секторы аумағының 64 пайызын бақылауда ұстап отыр. Қазір онда 37 аурухананың 20-сы ғана ішінара жұмыс істейді. Бірақ толыққанды қызмет көрсетіп тұрған бірде-бір медициналық мекеме қалмаған. Ал Израиль мен ХАМАС Газа бойынша әлі ортақ келісімге келе алмай отыр. АҚШ президенті ұсынған жоспар бойынша ХАМАС қаруын тапсырып, Израиль әскері Газа секторынан шығуға тиіс.