БАӘ балаларға әлеуметтік желіні шектеді
Біріккен Араб Әмірліктері жасөспірімдерге тәртіпті қатайтып, әлеуметтік желіні ішінара шектеді.
Жаңа заң бойынша 15 жасқа дейінгі бала жеке парақша аша алмайды. Ал бұл жастан асқандар әлеуметтік желіге тек ата-анасының рұқсатымен тіркеледі. Кішкентайларды зиянды контент пен күманды хабарламалардан қорғау шаралары да күшейтіледі. Жаңа талапты орындау үшін интернет платформаларға бір жыл уақыт берілді.